Құқық

Қызметші құқығын қорғау – басым бағыт



Бүгінгі таңда мемлекеттік аппаратты тиімділігі жоғары, мобильді, азаматтарға бағытталған және үнемі жетілдіріліп отыратын ұйымға айналу қажеттілігі тұр.

Бұл ұйымның негізгі капиталы – онда жұмыс істейтін қызметшілер. Олардың жоғары кәсібилігі мен қызмет нәтижелілігі азаматтарға тиімді қызмет етудің кепілі.

Жоғары кәсіби қызметкерлер өздерінің әлеуетін мемлекеттік аппарат пен қоғам мүддесіне бағыттауы үшін олардың құқықтарының мүлтіксіз сақталуы – заман талабы.

ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

2022 ж. 5 қызметшінің, 2023 ж. І тоқсанының қорытындысы бойынша жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде 1 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқығы қалпына келтірілген.

Мәселен, ҚР Президентінің 29.12.2015ж. №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 34-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметші болмашы тәртіптік теріс қылық жасаған жағдайда, ол егер жазбаша түсініктемесінде өзінің осы теріс қылықты жасау жайтымен келіссе, онда уәкілетті адамның оған қызметтік тергеп-тексеру жүргізбей ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға құқығы бар.

Алайда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі – ЭБД) Персоналды басқару бөлімімен қызметкердің түсініктемесінде теріс қылық жасау жайтымен келіспегеніне қарамастан, оған қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізбей «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

Осыған орай, СЭБД басшысының бұйрығымен қызметкерге қатысты қолданылған тәртіптік жазаның күші жойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады, өйткені уәкілетті орган ретінде мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау – Департаменттің басты міндеттерінің бірі.

Егер Сіздің мемлекеттік қызметкер ретінде құқығыңыз бұзылған жағдайда, Департаментке 24-89-29 нөміріне хабарласу арқылы немесе Сарыарқа, 13 даңғылында орналасқан ғимаратына келіп қолма-қол наразылығыңызды білдірсеңіз болады.

 Нұрдос УСТЕМІР,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының

бас маманы




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button