Ел тынысы

Қырғауылдар көбейіп келеді



Биыл елорданың жасыл белдеуінен табиғатқа 1 мыңнан астам қырғауыл жіберіледі. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

«Коммуналдық қызметкерлердің өтініші ескеріліп, елордалық мәслихаттың VII шақырылым депутаттарының бастамасы бойынша, 2022 жылы екі өрт сөндіру машинасы «Астана орманы» ЖШС автопаркін толықтырды. Аумағы 15 мың гектардан асатын Астананың жасыл белдеуінің аумағында жаз кезінде өрт апаттары орын алады. Бүгін әріптестермен бірге табиғи резерват аумағын араладық» деп жазды мәслихат төрағасы.

Оның айтуынша, жасыл белдеу аумағында көгалдандыру жұмыс­тары қарқынды жүріп жатыр. «Биыл мұнда 500 мыңға жуық көшет, ағаштар мен бұталар отырғызылады. Сарапшылар отырғызылған көшеттердің 90 пайызының тамыр жаятынына сенімді. Елордамыздың жасыл белдеуінде жануарлар әлемін түрлендіру үшін қырғауылдардың саны көбейіп келеді. Жыл басынан бері 700-ге жуық қырғауыл табиғи ортаға босатылды. Биыл жалпы саны 1 мыңнан аса қырғауыл жіберіледі» деді Е.Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button