Елорда тынысы

Үлескерлермен кездесті



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап, үлескерлермен кездесті.

«Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. «Зере-2», «Араби 2 – Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар. Кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып барады, ал енді бір жерінде құрылыс сапасы көңілге қонымсыз» деп жазды қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жеңіс Қасымбек тұрғын үй салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұрғанын атап айтты. «Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс жүргізушілер әрбір тұрғын үйді қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар» деді әкім.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button