Мәдениет

Әлихан мен Алаш тарихы – таспада



Кеше әл-Фараби атындағы Оқушылар сара­йында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өлкетанушы Тұңғышбай Мұқанның «Әлихан Бөкейхан – ұлт-азаттық күрескері» танымдық деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Туынды продюсері – Медеу Әбеузар.

Автордың айтуынша, екі бөлімнен тұратын бұл фильм Алаш қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның өмірінің кейбір деректерін қамтып, мұрасы мен еңбегі жайында сыр шертеді. Фильмде 1992 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев сынды Алаштың үш қайраткеріне арналған шарадан бастап, 2022 жылға дейін, 30 жыл ішінде өткізілген рухани шараның біразы қамтылған. Ондағы мақсат – туынды арқылы Әлихан мен Алашты әлі танып білмей жатқан, мойындамай жатқан жұртшылыққа, әсіресе мектеп оқушыларына, жастарға, ел басқарып отырған азаматтарға үлгі-өнеге ету.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button