Елорда тынысы

100 мың адам тегін жүреді



Биыл халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 100 мың адам қоғамдық көлікте тегін жол жүреді. Бұл тармақ – Amanat партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының басымдықтарының бірі. Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Сонымен қатар, 2023 жылы 400 заманауи автобус сатып алу көзделген, оның 55-і Астанаға келіп, маршруттар бойынша бөлінді. Сондай-ақ жолаушыларға ыңғайлы болу үшін 2 қосымша автобус жолағын енгізу көзделген. Қазіргі уақытта қоғамдық көліктің маршруттық желісін жаңғыр­ту жалғасуда (жол төсемін, аялдама және соңғы пункттерді, сондай-ақ бағдаршам объектілерін жайластыру). Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін елордада шамамен 34 шақырымды құрайтын 50 көше жөнделеді» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button