ЖаңалықтарҚоғам

2 жылда 300 көше жөнделді



Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы аясында екі жылда 300-ге жуық көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жобаны іске асыру барысында елордада 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Қала әкімі Алтай Көлгінов пен қалалық мәслихат хатшысы Ерлан ­Каналимов жол картасына енген бірқатар көше құрылысының барысымен танысты. Биыл қала аумағында 109 көшені жөндеу және кейбірі жаңадан төселеді. Мұндағы 59 көше тұрғын үй алаптарында орналасты.
Жұмыс тобы Ш.Бейсекова көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскедегі №27 көшенің құрылысымен таныс­ты. Ұзындығы 3 шақырым болатын 8 жолақты магистралды көше биыл пайдалануға беріледі. Бұл көше Ш.Айтматов, Қ.Мұхамедханов, Е10 көшелері мен Тұран даңғылының жекелеген бөліктеріндегі көлік ағынын азайтуға мүмкіндік береді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button