БілімЖаңалықтар

24 МЫҢДАЙ АСТАНАЛЫҚ БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ



Жаңа оқу жылында елордалық мектептерде 185 мыңға жуық шәкірт білім алады деп жоспарлануда. Оның шамамен 13 пайыздайы, яғни 24 мыңы мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттамақ. Ал былтыр бұл көрсеткіш 18 мыңды құраған еді.

Жыл сайын оқушы санымен қоса, астана мектептерінің де қатары толыға түсуде. Мәселен, 2008 жылы қалада 73 мектеп болыпты. Биыл жаңадан ашылатын мектептерді қоссақ, бас-аяғы 111 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Жаңа мектептер Иманов және Брусиловский көшелерінің қиылысында, 31-көше мен Есіл-Нұра каналының қиылысында және «Мичурин» тұрғын алабында орналасқан. Бұлардан бөлек, №24, 40, 28, 64 және 47 мектептердің жанына салынған жанама құрылыс та биыл пайдалануға беріледі.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button