Қоғам

ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ КӨП



Бүгіннен бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған орай, №11 қалалық емхана «Встреча» сауда үйінде шара өткізді.

Аталған емхана бас дәрігерінің орынбасары Еділ Шаловтың айтуынша, МӘМС жүйесінің артықшылықтары өте көп. Мәселен, аталған жүйе медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайтып, олардың жалақысының өсуіне әсер етеді.

– Бүгінгі іс-шараның мақсаты – елімізде жаңадан енгізілетін жүйе туралы халыққа ақпарат беру. Өйткені бұл мәселеде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы жоғары. Көптеген дамыған мемлекеттер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдап алып отыр. Ал Қазақ елінде міндетті медициналық сақтандыру үлгісін таңдау барысында 50-ден астам елдің тәжі­рибесі зерделенді. Қазіргі таңда елордалық тұр­ғындарға аталған жүйенің тиімділігі туралы жан-жақты түсіндіріліп жатыр, – дейді ол.

Шара барысында емхана қызметкерлері халыққа сақтандыру жүйесі туралы егжей- тегжей түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері тұрғындардың әртүрлі сұрақтарына жауап берді.

Серік Жолдасбай




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button