ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігіҚоғам

ЕЛОРДАНЫҢ 200 ЖЕТІСТІГІ



Ел дамуының локомотивіне айналған Астана – барша қазақтың ортақ мақтанышы. Елорда әкімі Әсет Исекешев тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз, жасыл және әлемнің ең таңдаулы қалаларының қатарына қосу үшін Астананың экономикасы қуатты, еңсесі биік, өркендеген шаһарға айналатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, соңғы бір жылдың ішінде қала тіршілігі ерекше қарқынмен дамыды. Ендеше, 200 жетістікке жеткен қаланың ең басты көрсеткішін назарларыңызға ұсынамыз.

* 2016 жылдың қорытындысы бойынша, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеді.

* «CZ Astana» мобильді қосымшасы пайдалануға берілді.

*Соңғы бес айдың қорытындысына сүйенсек, 9015 адам мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрді.

* 110 мыңнан астам адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді.

* «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі 90 балаға арналған жартылай станционарлы бөлім ашылды.

*Қазіргі уақытта 19 «Инватакси» автокөлігі мүгедектерді тасумен айналысады.

*2016-2017 оқу жылында 102 студент қала әкімінің грантын иеленді.

* 354 жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.

*Балабақшаға жолдама беру жүйесі автоматтандырылды.

*Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 44 балабақша ашылып, жаңадан 3949 орын ашылды.

* Биыл мектеп бітіруші 213 түлек «Алтын белгіге» ие болды.

*Елордалық оқушылар қатарынан 11-рет республикалық олимпиадада «Үздік команда» атанды.

*«Күнделік» ақпараттық жүйесімен елорданың 83 мектебі қамтылды.

* № 84 мектеп-лицейі, № 92 «Жауқазын» бақшасы, № 4, 5 «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемелері пайдалануға берілді.

* Дуальді оқыту жүйесімен 21 мамандық бойынша 18 колледж бен 1048 студентті қамтитын 75 мекеме қамтылды.

*Алғаш рет 7 «Қолжетімді дәрігер» отбасылық орталығы ашылды.

* «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталығы» қолданысқа енді.

* Жедел жәрдем медициналық орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

* Әкімдік қолдауымен 1385 қызметкер медициналық біліктілігін арттырып, 285 адам шетелден тәжірибеден өтті.

*Астаналықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті.

*Ана өлімі 5,2 , бала өлімі 13,5 пайызға төмендеді.

* Өткен жылы елордалық спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда 4019 медаль иеленді.

* Йога – парк», «Зона – Ушу», «Астана – денсаулық және спортшылар қаласы», «Smile Астана» жобалары жүзеге асты.

* 2016 жылы Қазақ ұлттық Хореография академиясы ашылды.

*Елорданың 23 ескерткішіне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

* Елорданың 6 театры 798 қойылымды сахналады, көрермен саны 248 447 адамды қамтыды.

* 2016 жылы елорда кітапханаларына 409 424 оқырман барған.

*Астана саябақтарында алғаш рет «100 күн – 1000 шара» жобасы іске асты.

* «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша бірқатар мәдени нысандар күрделі жөндеуден өтті.

* «Астана-Бәйтерек» монументі жаңа келбетке ие болды.

*Астана қаласы әкімдігі мұсылмандарға арналған «Astana iMuslim» мобильді қосымшасын жүзеге асырды.

*51 апаттық үй сүріліп, 911 отбасы жаңадан қоныс тойын тойлады.

* «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында 667 пәтер пайдалануға берілді.

* Алғаш рет «Е-КСК» ақпараттық жүйесі енгізілді.

* «Арай» саябағында, «Жасыл белдеу» аумағында құрылыс жұмыстары аяқталды.

* Бүгінде қала автопарктері 225 автобуспен толықты. Шілденің соңына дейін 380 автобус қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

* 12 учаскеге Bus Lane жолағы енгізілді.

* Астана теміржол вокзалы аумағына ASTRA Park ақылы автотұрағы енгізілді.

* Соңғы 10 айдың ішінде Астанада 10 075 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді.

* Биыл Astana Retail (ірі сауда орындарын несиелеу) бағдарламасы, «1000 орын – көше саудасы», «Friendly Taxi» жобалары іске асты.

*2016 жылдың қорытындысы бойынша негізгі инвестиция көлемінің капиталы 838 млрд теңгені құрады. Құны 37 млрд теңге болатын 10 индустриалдық жоба қолға алынды.

*Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай елордалық полицейлер 100 көлікпен қамтылды.

*Астананы 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының «20 нақты қадамы» жарияланды.

*«Astana Smart city», «Smart Astana», «Astana – Bilimland», е-Билет жобалары қолдау тапты.

*Астана қаласы әкімдігінің Медиа орталығы ашылды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button