ЖаңалықтарРуханият

Туған ауыл оттары



Өткен сенбі күні «Астана» концерт залында әуесқой композитор Алтынбай Сейітқасымның «Туған ауыл оттары» атты концерті өтті.

27983235 556220298089423 5220419201292075496 o

«Ел іші – алтын бесік» деп аталарымыз тегін айтпаған. Алтынбай ағамыз өмір бойы елде тұрды. Ешқандай музыкалық білімі жоқ болса да, табиғаттан дарыған таланты бар. Соның арқасында жұртқа танылды. Елдің құрметіне бөленді. Ол кісінің өзі өте қарапайым. Былайғы адам оны сазгер деп айтпайды. Ешқандай дабырасы жоқ, үн-түнсіз жүреді. Ал оның әндерін тыңдасаңыз, «рас, оны осы адам жазған ба?» деп таңғаласыз. Адамды нәзік сезімге бөлейтін шоқтығы биік шығар­малардың авторы. Бүгінде ағамыз бас қалада тұрады.

27993310 556220204756099 1414409136831874889 o
Концертте композитордың көпшілік жақсы білетін «Кінәлама», «Бала кезім», «Жылауық қыз», «Бас саусақ» және тағы басқа әндерін Лұқпан Жолдасов, Досымжан Таңатаров, Нұрболат Арзамасұлы, Медет Шәйкелов, Шахаризат Сейдахмет, Жасұлан Қазымбеков секілді республикаға танымал әншілер тамылжыта шырқап, жиналғандардың құрышын қандырды. Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл жерлес інісіне ізгі тілегін білдіріп, өзінің бір-екі туындысын орындап берді. Қостанайдан әдейі келген белгілі композитор әрі әнші Қалибек Деріпсалдин кеш иесінің беделін көтеріп, көңілді әндерін құйқылжытты. «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы кештің сәнін кіргізді.
Шара шымылдығы автордың туған елі сүйіп айтатын «Айналайын Торғайым» әнімен жабылды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button