Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…



Алматы облысы

Талдықорған қаласында «Ұлт­тық музейге сый тарту» атты рес­публикалық шара өтті. Ақындар Үмбетәлі Кәрібаев, Мұқағали Ма­қа­таев, Тұманбай Молдағалиев, Есенқұл Жақыпбек, жазушы Әнуар Әлімжанов, суретші Әбілхан Қастеев, композиторлар Мұқан Төлебаев, Нұрғиса Тілендиев, т.б. тұлғалардан қалған жәдігерлер ­музей қорын толтырды.

Түркістан облысы

Биыл Түркістан облысында 160 мың тоннаға жуық жеміс-жидек жинау жоспарланып отыр. Оның 50-60 пайызы көрші мемлекеттерге экспортталады. Ресей мен Беларусь республикаларынан сұраныс жоғары екен.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласында жылыту маусымы басталды. Биыл жер­гілікті билік жылуды жыл­дағыдан екі апта бұрын беру жө­нінде шешім шығарды. Қазір қаладағы балабақша, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандар жылуға қосылып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы

Аягөз қаласында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектепті салуға мемлекет қазы­надан бір миллиард теңгеден аса қаржы бөлді. Аудан бойынша ашылған 19 ІТ кабинеттің бірі осында болады.

Маңғыстау облысы

Ақтауда Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалі ашылды. Шараға қа­ты­суға Қазақстан, Ресей, Әзер­байжан, Иран мен Түрікмен­станнан 8 театр ұжымы өтініш білдірген. Биылғы фестиваль қазақ киносы мен театрының саңлағы Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналып отыр.

Жамбыл облысы

Таразда кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова әлеуметтік аз қамтылған отбасына су жаңа автокөлікті сыйға тартты. Бұл шаңырақта 4 бала өсіп жатыр. Соның екеуінің мүмкіндігі шектеулі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбеде республикада тұң­ғыш рет аналар жиыны өтеді. Алдағы аптада еліміздің түкпір-түкпіріндегі қоғамда түрлі жетіс­тіктерге жеткен аяулы аналар Ақтөбеде бас қосады.

Қызылорда облысы

Ресей Федерациясы үкіметі есебінен Мәскеу және Санкт-Петербург қалала­рының жоғары оқу орындарында оқыған 74 қызылордалық қыз-жігіт дипломдарын алды. Олардың 43-і магистратурада оқуларын жалғастырса, 31-і туған жерге оралды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button