Қоғам

850 КҮН БОЙЫ ӘЛЕМДІ ШАРЛАЙДЫ



Елордаға «Әлемге жол» веломарафонының қатысушысы, «Жди меня» бағдарламасының сенімді өкілі, грузиялық Нодар Беридзе келді.

kjlkhgg

Велосаяхатшы 2016 жылдың 22 қаңтарында Владивосток қаласынан шыққан. Осы уақытқа дейін әлемнің 30 елінде болып, 50000 шақырымды бағындырған. Бұйырса, 2018 жылы 26 мамыр күні өз мәресін Тбилиси қаласында аяқтамақшы. Жюль Верннің кейіпкерінен бір айыр­машылығы, Нодар Беридзе ешқандай рекордтық көрсеткішті қаламайды.

«Бірден айтайын, мақсатым қандай да бір спорттық нәтижелерге қол жеткізу емес. Мен әлемге мәңгілік рухани құндылықты дәріптеп, дүние жүзі халықтарын саламатты өмір салтын насихаттауға шақырамын. Әрине, әр елге жеткен сайын сол елдің мәдениетімен, адамдарымен танысамын. Өзім жайлы және Грузия елі туралы мәлімет беремін» дейді ­велосаяхатшы.

Нодар Беридзе өзін күтіп алған барша астаналықтарға алғысын айтты. Қазақстанға «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалау үшін келгенін және еліміздің бірқатар қалаларында болғанын жеткізді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button