Жаңалықтар

АБЫРОЙЫ АСҚАҚ АТА ЗАҢ



 

 DSC_7425

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Ата заң – мемлекеттік-конфессияаралық келісімнің кепілі» атты «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Шараны Астана қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Конституцияның ІІ бөлімінің 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылған. Міне, дәл осы қағидат еліміздегі мемлекеттік-конфессияаралық, ұлтаралық келісімді сақтаудың негізгі кепілі болып есептеледі.

Бүгінде елімізде әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болған этносаралық  келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты. Халықаралық аренада Қазақстан бейбітшілік аймағы, мәдениеттер мен діндердің диалогы мен жақындасуының алаңы ретінде танылған.

Жиын барысында толеранттылық ұстанымын нығайту мен Конституцияның маңыздылығы жайлы әңгіме өрбіп, қызу пікірталасқа ұласты.

 – Қазір қоғамдық көлікте, мектепте, жұмыс орындарында, мейлі, қай жерде болса да, кез келген дін және ұлт өкілдері бір-бірімен мейілінше жақсы қарым-қатынас жасауда. Бұның барлығы – үлкен жауапкершілікпен қабылданған Ата заңымыздың жемісі, – дейді діни бірлестік өкілдері.

Күнайым СӘКЕН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button