Басты ақпаратЕлорда тынысы

Әлем көз тіккен шахмат шайқасы



Астана төрінде шахматтан ФИДЕ версиясы бойынша әлем чемпионатының жалауы көтерілді. Әлем чемпионатының алғашқы партиясы 49 жүрістен соң тең аяқталды.

Әлем көз тіккен мұндай мәртебелі жарыс Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Шаршы тақтада ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь чемпиондық атақ үшін шайқасты бастады.

Алғашқы партиядағы бірінші символикалық жүрісті ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович жасады.

Әлем чемпионы атағы үшін ойынды ақ тастармен бастаған Ян Непомнящий қанша жерден шабуыл жасағанмен, Дин Лижень сауатты қорғаныс жасай білді. Нәтижесінде бес жарым сағатқа созылған бәсеке 49 жүрістен соң тең аяқталды.

Гроссмейстерлер екінші партияны кеше ойнады. Жалпы әлем чемпионы атағы үшін 14 партия ойналады. Қай шахматшы бірінші болып 7,5 ұпай жинаса, сол чем­пион атанады. Егер кездесу 7:7 болса, онда шешуші блиц-матч өткізіледі.

Чемпионаттың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жүлде қорының 60 пайызы жеңімпазға, 40 пайызы екінші орын иегеріне беріледі.

Шахматтан әлем чемпиондары:

Вильгельм Стейниц (1886-1894) ­Австрия-Венгрия-АҚШ

Эммануэль Ласкер (1894-1921) Германия

Хосе Рауль Капабланка (1921-1927) Куба

Александр Алехин (1927-1946) Ресей, Франция

Макс Эйве (1935-1937) Голландия

Михаил Ботвинник (1948-1957, ­1958-1960, 1961-1963) КСРО

Василий Смыслов (1957-1958) КСРО

Михаил Таль (1960-1961) КСРО

Тигран Петросян (1963-1969) КСРО

Борис Спасский (1969-1972) КСРО, Франция, Ресей

Роберт Фишер (1972-1975) АҚШ

Анатолий Карпов (1975-1985, 1993-1999 ФИДЕ версиясы бойынша) КСРО, Ресей

Гарри Каспаров (1985-1993, 1993-2000 КША версиясы бойынша) КСРО, Ресей

Александр Халифман (1999-2000) КСРО, Ресей

Вишванатан Ананд (2000-2002) Үндістан

Руслан Понамарев (2002-2004) Украина

Рустам Касымджанов (2004-2005) Өзбекстан

Веселин Топалов (2005-2006) Болгария

Владимир Крамник (2000-2006 КША версиясы бойынша, 2006-2007) Ресей

Вишванатан Ананд (2007-2013) Үндістан

Магнус Карлсен (2013-2023) Норвегия

P.S:

1993-2006 жыл аралы­ғында шахматтан әлем чемпионаты екі версия бойынша (ФИДЕ және КША (кәсіпқой шахмат ассоциациясы) ұйымдастырылды.

 


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button