Шаһар шежіресі

Әуежайда… Сол бір кез



Ақмолалықтар аэропланды алғаш рет 1930 жылы көрді. Қала үстін бірнеше рет айналып, шеткері тұрған ескі диірменнің маңындағы жазықтыққа келіп қонған ұшаққа бала-шаға, үлкен-кіші тұра жүгіреді.

Оларға қызық! Әуеден жерге қонып тұрған қанатты техниканы тұңғыш көруі. Бірінші болып жеткен балаларға жап-жас ұшқыш жігіт қолын көтеріп, амандасады.

Міне, сол кезден бастап Есілдің жағасындағы осы шағын шаһар мен басқа қалалардың арасында әуе қатынасы біртіндеп орнай бастайды. 1934 жылы алғашқы әуежай салынады. Қатынас одан әрі жанданып, пошта мен жеңіл жүк таситын екі кісілік ұшақтар әуежайға қонуын жиілетеді.

 

Ал 1966 жылы қазіргі әуе­жай салынып, пайдалануға беріліп, целиноградтықтар үшін халықаралық әуе қатынасына да кеңінен жол ашылады.

Бұл сурет 1986 жылы түсі­рілген. Алматы қаласына ұшатын рейске жолаушыларды отырғызу сәті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button