Шаһар шежіресі

Мөлдіретіп ән салған



Мәдина 1980 жылдардың ортасында қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетінің қайта өрлеуіне  белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қосқан үлесі зор. Дәл сол кезде Алматы облыстық филармониясы жанынан құрылған, жезтаңдай әнші Мәдина Ералиеваның ән өнеріндегі бағын ашқан «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің беташар концерті 1986 жылғы 9 наурызда қойылды.

Мәдинаның қайталанбас дауысы халық әндеріне жаңа ғұмыр сыйлады. Талантты әншінің сыңғырлаған сұлу дауысы көне аспаптардың ғажап дыбысымен әдемі жарасым тапты.

«Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі алғаш рет Целиноград қаласында 1990 жылы 8 қыркүйекте Жастар сарайында өнер көрсетті. Халық күйі «Майдажалмен» көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Сонан соң Ақбикештің «Айнам қалды», Есірдің «Тоғыз түйеші», тағы да басқа күйлер орындалды.

Осы кеште Мәдина Ералиева сұлу, сыңғырлы дауысымен «Қоғалы-ай», «Әй-әй, бөпем», «Әгу-гәй», «Әттең тонның келтесі-ай», «Жетісу» әндерін нақышына келтіре орындады.

Ғазиза ИСАХАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button