Шаһар шежіресі

Қару мен қаламды серік еткен

Хажымұрат Рахимов 1924 жылы Ақмола қаласында өмірге келген. Осы жерде мектеп бітіріп, содан соң мұғалімдердің үш айлық курсын тәмамдайды, еңбек жолын ұстаздықтан бастайды. Тұтқиылдан сұрапыл соғыс басталып замандастарымен қатар өзі сұранып, қолына қару алып қан майданға аттанады.

Гурьев облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің жауапты хатшысы, «Есіл правдасы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеген. Целиноград (Ақмола) облыстық атқару комитетінде аға нұсқаушы, облыстық телевизияда редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы шығармалары 1940 жылдан көріне бастады, КСРО Жазушылар одағының мүшесі. КСРО медальдарымен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.

Талай қиындықты бастан кешірген тағдыр­лы жазушы өз көзімен көрген, жақсы білетін өмірлік жайларға қалам тербеген. Жазушының жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі Ақмола өңірінің қоғамдық, әлеу­меттік ерекшеліктерін, сол дәуірдің шындығын баяндаған «Сеңгір сырлары» трилогиясы, осы трилогияның заңды жалғасы 1997 ж. жарық көрген «Қасірет құрсауы» романы, екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған «Полк туы», «Қызғалдақтар», «Бауырластар бейіті» повестері және басқа шығармаларындағы оқиғалар тартымды, айтар ойы бар.

Хажымұрат Рахимовтың жеке архив қоры Астана қаласының мемлекеттік архивінде сақтаулы.

 Ғазиза ИСАХАН

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button