Жаңалықтар

Ағартушы көшесінен аттанды



Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойындағы Ыбырай Алтынсаринге орнатылған тақтатас жанынан «Нұр-Сұлтан-Қос­танай» велошеруі жолға шықты. Ел Тәуелсіздігінің – 30, Ыбырай Алтынсариннің – 180 және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдығына арналған шараға әуесқой велошабандоздар қатысты.

Веломарафоншылар екі қала арасындағы 750 шақырымдық жолды 6 күнде жүріп өтпек. Марафон аясында Ыбырай Алтынсарин кесенесіне барып ұстаз рухына дұға бағыштау, Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейімен танысу жоспарланған.

Марафонды ұйымдас­тыруға ағылшын тілінің оқытушы-аудармашысы Ернат Мелсұлы мұрындық болған. Ол бұған дейін «Астана-Ақтоғай», «Қарағанды-Жаңаарқа», «Нұр-Сұлтан-Жидебай» велошерулерін ұйымдастырған. Сонымен қатар велошабандоздар тобында ел аумағындағы 7 мың шақырымды велосипедпен жүріп өткен ҰҚК запастағы подполковнигі Қайрат Ырғызбаев, Мемлекеттік күзет қызметінің отставкадағы полковнигі Эрнст Баймұхамбетов те бар. Велошабандоздардың құрамына 76 жастағы Түгелбек Қасымов та енген. Түгелбек ақсақал осыдан 5 жыл бұрын «Атом қаруына жол жоқ!» деген ұранмен Жапонияға велосипедпен барған болатын. Даңқты велошабандоз әлемнің 40 елін велосипедпен аралап шыққан.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button