Мәдениет

Айтматов фестиваліне аттанды



Астана қаласының «Жастар» театры мен Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдық мерейто­йына арналған «Айтматов және театр» атты VІ халықаралық театр фестиваліне қатысып жатыр. Айтулы фестиваль 12 желтоқсанға дейін Бішкек қаласында өтеді.

«Жастар» театры фестивальге Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» трагедиясын ұсынады. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбай. Бұл туынды қырғыз классигінің «Жан пида», «Жан азабы», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Ақ кеме» шығармаларының синтезінен құралған.

Ал Ә.Мәмбетов театры «Боранды бекет» спектаклімен фестивальге қатысады. Осы қойылымның қоюшы режиссері, аталмыш өнер ұжымының бас режиссері Ұланмырза Қарыпбаев жақында Қырғыз Республикасының Шыңғыс Айтматов атындағы мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Марапат оған «Қиялымдағы Қырғызстан» президенттік жастар форумы барысында тапсырылды. Фестивальден сүйінші жаңалықты күтеміз.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button