Жаңалықтар

ӘКІМ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ



DSC_8590

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кешегі өткен аппарат жиналысын «Астана» футбол командасының қазақстандық Премьер-лигасында чемпиондық атақты екінші мәрте қатарынан жеңіп алуына орай құттықтаудан бастады.

– «Астана» командасы осымен екінші мәрте қатарынан чемпион болып отыр. Клубтың сәтті өнер көрсетуі жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие бола бастады. Бұл жетістікті идеологиялық жұмыстар мен патриотизмді тәрбиелеуде пайдалануымыз қажет» деп атап өтті Астана қаласының әкімі.
Әкімнің айтуынша, футбол мен хоккей ойындары, басқа да спорттық жарыстар қоғамдық маңызды шаралар болып табылады. Бұлардың бәрі жастардың арасында дұрыс құндылықтардың қалыптасуына әсер етеді. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту, ашық алаңдарды толық пайдалану астаналықтар үшін қолжетімді болуы тиіс.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button