Жаңалықтар

Әлемдегі індет жағдайы қалай?



Мысыр коронавирустың төртінші толқыны басталғанын жария­лады. Президент кеңесшісі Мухаммад Таг эд-Диннің айтуынша, жаңа пациенттердің көпшілігінің жағдайы жеңіл және орташа. Ол билік азаматтарға көпшілік жиындар мен концерттерге бармауды ескерткенін атап өтті.

Жаңа Зеландия парламенті карантинге байланысты жұмысын тоқтатты. Елдің премьер-министрі Джасинда Ардерннің айтуынша, министрлер парламент комиссияларының алдында виртуалды есеп бере алады. Ол сонымен қатар локдаун кезінде адамдар үйлерінен шықпауы керектігін, оларға күніне бір рет таза ауаға шығуға рұқсат етілгенін жеткізді. Қытайда алғаш рет бір ай бойы ел ішінде коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Соңғы күндері Австралияда коронавирус жұқтырған 914 адам тіркелді. Бұл – індет басталғаннан бері статистикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Алдыңғы рекорд 894 болған. Ол бір күн бұрын тіркелген. Эстония астанасы – Таллинде оқушыларға коронавирусқа қарсы екпе салу басталды. Вакцинация 21 және 22 тамыз күндері Таллиннің алты мектебінде алдын ала тіркеусіз өтеді. Екпеге бірінші кезекте 12-18 жастағы оқушылар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері шақырылады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button