Әлеумет

Алло, «Астана ақшамы»!



Рауан СЕРІКҰЛЫ, қала тұрғыны:
– Жақында елордамыздағы бірегей орындардың бірі «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығының маңайына ақылы тұрақ жүйесі енгізілгені туралы естідім. Бұл мәлімет қаншалықты шындыққа жанасады? Алдағы уақытта қай орындарға ақылы жүйе енгізілу жоспарда бар?

Бұл сауалға «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС баспасөз хатшысы Айгүл Амантаеваның жауабын ұсынамыз.
– Ең алдымен «Керуен» маңайы деп жеке бөліп айтқан дұрыс емес. Екіншіден, ақылы тұрақ жүйесі жақын күндері енгізілген жоқ. Бұл жүйе осы жылдың 15 қаңтарынан бастап «Нұржол» желек жолының бойына қо­йылды. Оның бойында «Керуен» де орналасқан. Бұған қоса, жүргізушілердің есіне салу үшін арнайы белгілер орнатылған. Осы тұста бір жайтты айта кетейін, бұл бастама алғашқы үш айда сынақ ретінде жүзеге аса бастады. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін ақысын төлемеген жүргізушілерге айыппұл салынды. Ал алдағы уақытта Астанада 10 мыңнан аса тұрақ орнын ақыландыру жоспарланып отыр.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button