Шаһар шежіресі

Алпыс жыл бұрынғы естелік



Қазіргі Еркеғали Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік филармониясы ғимаратына қарама-қарсы осыдан тура 60 жыл бұрын Карл Маркс көшесінің бойында (қазіргі Кенесары көшесі) «Родина» кинотеатры тұрған.

Целиноград тұрғындарының мәдени демалыс орнына айналған кинотеатрдың іргетасы 1948 жылы қаланыпты. Арада 15 жыл өтпей жатып сталиндік дәуірдің сәулет өнері сүріле бастады.

– Оған сол жылы дәл алдынан Тың игерушілер сарайының салынуы себеп болды. Біздің балдәурен балалығымыздың куәсіндей сол кинотеатр өзіме тым ыстық еді. Мұнда достарымызбен, кейде ата-анамызбен үнемі кинофильм көріп тұратын едік. 1963 жылдың қыркүйек айында оны қиратып, бұзды да тастады. Міне, содан бері тура 60 жыл өтіпті, – деп еске алады байырғы қала тұрғыны Дмитрий Глуких.

Дәл қазір бұл жерде заман талабына сай абаттандырылған Астана қаласы әкімдігінің алаңы орналасқан.

Суретте: 1963 жылғы «Родина» кинотеатры.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button