Жаңалықтар

АЛТЫ МЫҢ АДАМ ҚАТЫСАДЫ



«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ШЫҰ-ға мүше елдердің спортшылары және еріктілердің қатысуымен өтетін марафон жарысына алты күн қалды.

Астана халықаралық марафоны ең ауқымды спорттық-мәдени шаралардың бірі болғалы тұр. «ЭКСПО-2017» аясында өтетін марафон 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:00-де басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көше­лерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ-ға мүше әрбір мемлекеттен жалпы 50 кәсіби спортшыны тарту көзделген. Олар үш түрлі, атап айтқанда, 42 км, 10 км, және 2 017 метр қашықтықта бақтарын сынайды. Жарысқа шетелден 1 мың желаяқ қатысады. Қазақстан тарапынан 4 мың адам қатыспақ» дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button