Басты ақпаратЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігіҚоғам

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ



????????????????????????????????????

Кеше Есіл ауданы әкімінің орынбасары Берік Ахметжанов көп балалы аналарға алтын және күміс алқаны салтанатты түрде табыс етті. Аталған игі шара «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында «Ұлағатты әулет» деген атпен өтті.

1995 жылдың 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар туралы» заңына сәйкес 7 баласы бар аналарға «Алтын алқа» беру қарастырылған. Сондай-ақ, аталған заңның арқа­сында 6 балалы аналар «Күміс алқаға» ие болып, марапатталуы тиіс болатын. Осыны назарға алған Есіл ауданы әкімдігі көп балалы аналарды алтын және күміс алқамен марапаттап, сый-сияпат жасады.
Мәселен, Берік Теміртасұлы
7 баланың анасы Клара Омарбек­қызының мойнына алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, ол Самал Әміреева, Әсемгүл Бегалова, Нұргүл Бектұрғанова, Айнұр Бидашева, Жұмагүл Зиятбекова, Айнагүл Сартаеваға «Күміс алқа» табыс­тады.
Берік Теміртасұлының айтуынша, Есіл ауданының халқы күн өткен сайын көбейіп келеді. Айталық, соңғы статистика бойынша аудан халқының саны 118 мыңнан асқан көрінеді. Бұған, әрине, алтын құрсақты аналарымыздың қосып отырған үлесі зор. Солардың бірі – жеті баланы тәрбиелеп отырған қырық жастағы Клара Омарбекқызы. Оның айтуынша, қазіргі уақытта көп балалы ана атану оңай емес. Алайда ол, соған қарамастан, қа­зақтың санын көбейтіп жатқанын мақтанышпен тілге тиек етті.
– Үлкен қызым тұрмысқа шық­қан. Қазір 6 баламызбен отба­сымызда тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Үш балам №69 мектеп-
гимназия­сында білім алады, ал қалған үшеуін үйде тәрбиелеп жатырмыз. Жолдасым құрылыс саласында жұмыс істейді. Қыр­ғызстаннан Қазақ еліне 2005 жылы көшіп келіп, азаматтық алған болатынбыз. Ал ең кіші ұлы­ма 1 жас
7 ай болды. Үкіметтің бер­ген көмегінің арқасында бала-шаға­мызды асырап, ел қатарлы тіршілік кешіп жатырмыз, – дейді Клара Омарбекқызы.
Алтын және күміс алқа иегер­леріне сұлулық салондарының қожайындары сыйлық ретінде арнайы сертификаттар табыстады. Енді олар осы сертификаттың арқасында сән салондарына барып, өздеріне күтім жасай алатын болды. Ал алтын құрсақты аналардың балалары Есіл ауданы әкімінің
атынан жаңа жыл шыршасына арнайы шақырту алды.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button