Мәдениет

Алыстағы ағайынға арнады



Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтары қауымдас­тығы, «Отандастар қоры» және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп, «Turan» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен шеттегі қазақтарға арнап «Ұлы дала елінен» атты онлайн концерт өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, игілікті шараның мақсаты – музыкалық өнер арқылы алыста жүрген аға­йынға рухани қолдау көрсету және шет елдегі қандастармен байланысты нығайту.
Онлайн концерт барысында ансамбль мүшелері Серік Нұрмолдаев, Мақсат Медеу­бек, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев ұлттық аспаптардың дыбысын қазіргі заманға сай лайықтап, бабалар мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған төл аспаптардың сүйемелдеуімен «Ортеке», «Ақсақ құлан», «Керуен», «Көроғлы», «Аққу», «Бүркіт» күйлерін тыңдармандарға шебер жеткізе білді. Сонымен бірге өнерлі ұжым «Қыран далам – Тұран далам», «Қилы заман» секілді туындыларды орындады. Бұл дүниелерден халқымыздың аңшылық, саятшылық дәстүрі көрініс тапса, композитор Ақтоты Райым­құлованың «Шабыт» және «Абай толғауы» атты шығармалары да көрермен көңілін әсем күйге бөледі. Сондай-ақ концертте Нұр-Сұлтан қаласы Astana Ballet театры мен Қазақ ұлттық хореография академиясының әртістері де өнер көрсетті.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button