Елорда тынысы

Ана сүтінің қасиеті қандай?



1-7 тамыз аралығында әлемнің барлық елінде Бүкіләлемдік бала емізу апталығы өтуде. Оның мақсаты – көпшілікке ана сүтінің бала ағзасы үшін пайдалы екендігін түсіндіру. Осыған орай Астана қаласының барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен акушерлік блогтарында «Ашық есік» күндері өткізілуде. 

«Ашық есік» күндерінде неанотолог, педиатр дәрігерлер келушілерге кеңес береді. Жүкті әйелдер немесе баламен келген аналар болса дәрігерлер оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Баланы табиғи жолмен емізу ана мен бала арасындағы эмоционалды байланысты нығайтады. Дәрігерлер осы орайда омыраумен емізуді қолдауға және ол кезеңді барынша ұзартуға шақырады. Баланы дұрыс емізудің артықшылықтары: тамақтандыру қауіпсіздігінің кепілі, баланы инфекциялардан қорғайды, баланың өсуі мен жетілуіне пайдасы зор, тамақтандыруға қаржылық шығындар азаяды.

1990 жылдан бастап әлемнің 170 мемлекеті ана сүтімен қоректендіру, емізу апталығын өткізіп келеді. Бала құқықтары туралы Конвенция­ға сәйкес, әр нәресте және басқа жас топтары дұрыс тамақтануға құқылы. Нәрестелерді туғаннан 23 айға дейін емізу жыл сайын бүкіл әлем бойынша 820 мың баланы құтқаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта елімізде тек омырау сүтімен – 0-ден 6 айға дейінгі 180 мың бала және 2 жасқа дейінгі 568 мың бала (қосымша тамақтандырумен және жалпы тамақтанумен бірге) омырау сүтімен қоректенеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button