Жаңалықтар

Антыңа адал бол, жас сарбаз!



IMG_0932

Шілденің 18-і күні ҚР Ұлттық ұланының жас сарбаздары әскери ант берді. 6636-әскери бөлімі алаңында өткен салтанатты шараға Ұлттық ұлан ардагерлері, қоғамдық бірлестік-тердің өкілдері мен жауын-герлердің ата-аналары қатысты.

Биыл бұл бөлімнің қосынына 192 солдат қабылданыпты. «Бір ай бойы әскери өмірдің ережелерін жаттап, қыр-сырларын үйрендік. Қару-жарақ ұстауды меңгердік. Бүгінгі салтанатқа сақадай сай келіп тұрмыз» дейді тараздық Самат Тілеубаев. Жас сарбаздар кезек-кезек ант берген соң, оларды «Орталық» өңірлік қолбасшылығының полковнигі Жеңіс Құлбаев құттықтады. Ал жиын соңында ата-аналар ұлдарының жатын орнымен танысып, әскери тұрмыс-тіршілікті көріп қайтты.

Ботакөз МАРАТҚЫЗЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button