Апта мәлімдемесі
Салидат ҚАЙЫРБЕКОВА, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
ЖАЛҒАН ӨНIМ ТАРАТҚАНЫ ҮШIН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШIЛIК БЕЛГIЛЕНБЕК
2016 жылдан бастап Кеден Одағы және Еуразиялық экономикалық одақ аясында бiрыңғай медициналық өнiмдер нарығын құру туралы келiсiм бар. Осыған сәйкес, қысқа мерзiм iшiнде Ресей және Беларусь әрiптестерiмiзбен 50 нормативтiк-құқықтық актiнi әзiрлеуiмiз қажет. Аталмыш құжаттар еліміз аумағындағы бірқатар мәселелердi реттейді.
Денсаулық сақтау министрлiгi Еуропалық қауымдастық тәжiрибесiн ескере отырып, жалған контрафактiлiк өнiмдердi таратқаны үшiн Қылмыстық кодекске қылмыстық жауапкершiлiкке тарту ұсыныстарын енгiзген болатын. Яғни, Қазақстанда жалған және контрафактiлiк дәрiлiк өнiмдердi таратқаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк белгiленбек. Бұған дейiн мұндай әрекетке тек әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылған еді.
Жандарбек БЕКШИН, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:
ТАУАР САПАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙЕДІ
Елімізде сырттан әкелінетін тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне бақылауды күшейту қолға алынуда. Осыған орай арнаулы ақпараттық жүйе әзірленді. Ол жүйені Кедендік бақылау комитеті мен Техникалық реттеу және метрология комитеті бірлесіп сынақтан өткізуде. Ақпараттық жүйе сырттан әкелінетін және сертификатталған тауарларды камералды бақылайды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда шартты негізде сатылымға шығарылған 151 мыңнан аса бұйым сапа мен қауіпсіздікке сәйкестік бойынша сертификаттаудан өте алған жоқ.
Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы:
КӘСІПКЕРЛЕР ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНА ОҢАЙ ҚАТЫСА АЛАДЫ
Үдемелi индустриалды-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасы аясында аймақтық кластерлер, аймақтық индустрияландыру картасы алғаш рет ұлттық кәсiпкерлер палатасында қалыптасады.
Бiз аймақтағы кәсiпкерлермен тiкелей жұмыс жасап, серпiндi жобаларды әзiрлеп, аймақтың индустрияландыру картасына жобалар енгіземiз. Әрине, оның бәрі жергілікті әкiмдiктің қатысуымен жүзеге асады. Ендi кәсiпкерлер өз жобасын индустрияландыру картасына оңай қоса алады. Бұл тұста барлық үдеріс ашық түрде жүзеге асып, оның қорытындысы сайтта жарияланып тұрмақ.