Жаңалықтар

АПТА ҮЗДІГІ



Қазақтың қаршадай қызы әлемдегі ең жас гроссмейстер атанды.

Шахмат әлемінде ең жоғарғы шен саналатын гроссмейстерлікті бағындырған Жансая Әбдімәлік – небәрі 12 жаста.

Ол осы аптада Мәскеу мен Алушта қалаларында өткен турнирлерде топ жарып, халықаралық гроссмейстер нормасын орындап шықты. Аталған жарыстан кейін оның әлемдік рейтингтегі көрсеткіші 102 пунктке жоғарылаған.

«Қыздар арасындағы ең жас гроссмейстер» деген атақпен енді ол Гиннестің рекордтар кітабына енбек.

Гроссмейстер атағын бірінші қыркүйекте Халықаралық шахмат федерациясы ресми түрде табыс етеді деп күтілуде. Ол кезде Жансая 13 жасында гроссмейстер атанған қытайлық Хоу Ифаньның рекордын жаңартады.

Кішкентай вундеркинд – бүгінде Қазақ-Британ техникалық университетінің ең жас студенті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button