Қала мен Сала

Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады?



Дәрігерлер ыстық күндері денсаулыққа күтіммен қараудың жолдарын айтты. Дәрігерлер ыстық күндері денсаулықты қалай күту керек және қалай сергек жүруге болатындығын айтты.

Шілде әдетте ең ыстық ай, сондықтан күн сәулесінен қорғану керек. Мұндай ыстық ауада егде жастағы адамдар мен сәбилердің, ашық ауада жұмыс істейтін және созылмалы аурулары бар адамдардың жай-күйі тіпті қиын болатындығы белгілі.

Ауа температурасының қатты көтерілуі әлсіреу мен күннің өтуін тудыруы, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, бүйрек және психикалық аурулардың күшейуіне әкеп соқтырады. Бұндай жағдайда аптап ыстықтың денсаулыққа тигізетін кері әсерін қарапайым әрекеттер арқылы болдырмауға болады екен.

Мәселен, күннің ең ыстық уақытында сағат 12-ден 16-ға дейін аса қажет болмаса, далаға шықпауға және үлкен физикалық күш салуды қажет ететін істермен айналыспауға тырысыңыз.

Егер сіз көшеге шығып үлгерген болсаңыз, көлеңкеде көбірек болатын бағытпен жүруді ойластырыңыз. Балалар мен жануарларды жабық машиналарда аз уақытқа да қалдырмаңыз. Сонымен қатар анда-санда салқындауға тырысыңыз, күніне 2-3 сағатты салқын жерде өткізіңіз (мысалы, кондиционері бар қоғамдық ғимараттар).

Қатты ыстықтаудан және шөлдеуден аулақ болыңыз. Табиғи маталардан, жақсырақ ашық түстерден жасалған жеңіл және кең киім киіңіз, жеңіл бас киімдер, күннен қорғайтын көзілдірік киіп, өзіңізбен бірге су бөтелкесін алып жүріңіз.

Организмді сусызданудан қорғау үшін үнемі су немесе жылы шай, бірақ суық емес жеміс шырындарын ішу керек.

Теріге күнге күюге қарсы заттарды жағып жүріңіз. Косметиканы мейлінше көп қолданбаңыз.

Ыстық ауа ­райында ­раци­оннан ­майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды алып тастауға тырысыңыз. Мәзіріңізде жеңіл тағамдар – көкөніс­тер, жемістер, қайнатылған немесе бұқтырылған балық, тауық еті, салқын сорпалар мен окрошкалар болуы керек. Санитарлық гигиена ережелерін есте сақтаңыз, көкөністер мен жемістерді, етті, балықты ағынды сумен мұқият жуыңыз.

Алкогольді (соның ішінде сыраны) ішуге болмайды. Мамандар құрамында кофеині бар сусындар, сонымен қатар ағзадағы метаболикалық процестерді бәсеңдететін сусындар мен газдалған сусындар шөлді қандырмайтындығын ескертеді.

Егер әдеттен тыс белгілер пайда болса және симптомдар сақталса, бірден дәрігерге жүгінген жөн.

Жаз ыстығында, немесе қатты шаршасаңыз, өте суық суды бірден ішпеңіз, себебі бұл тамырлардың немесе қан тамыр­ларының тарылуына немесе жарылуына, инсультке әкелуі мүмкін.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button