Басты ақпарат

Ақ ұлпалы Астана



Демалыс күндері толассыз қар жауып, Астана ақ ұлпаға оранды. Алайда елорданың коммуналдық шаруашылық саласының мамандары күшейтілген үрдісте жұмыс істеп, нәтижесінде 30 мың текше метр қар қала сыртына шығарылды.

«Астана Тазалық» кәсіпорнынан қаланы қардан тазалауға 314 жұмысшы мен 572 мамандандырылған техника бірлігі жұмылдырылды. Тазаланған қала көшелеріне 83 текше метр құм-тұз аралас қоспа себілді. Ал iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы ұсынған мәліметке сүйенсек, 16 қазаннан бері полигонға шығарылған қардың жалпы көлемі 634 969 текше метр болса, осы уақыт аралығында көшелерге шашылған құм-тұз қоспасының көлемі 10 162,5 текше метрді құрайды.
«Қазгидрометтің» болжауынша, алдағы күндері аяз болады деп күтілуде. 6 желтоқсан сынап бағанасы түнде -19…-21 °С, күндіз -14…-16 °С болса, жұма, 7 желтоқсан күні ауа температурасы түнде -22…-24 °C, күндіз -17…-19 °C-қа дейін төмендейді.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына, яғни «109» қысқа нөміріне тәулік бойы жолдауға болатындығын ескертеді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button