Басты ақпаратЖаңалықтар

«Ақылды астана» айшықтары

коллаж2

Елордада 2011 жылдан бері қолға алынған «Смарт Астана» жобасы қаланың бет-бейнесін нағыз астаналық деңгейге жеткізу мақсатындағы тың бастамаларымен, заманауи  тәсілдерімен ерекше. Тұрғындардың жайлы өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұл жүйені одан әрі жетілдіре түсу мәселесі кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде кеңінен талқыланды.

«Ақылды Астана» жобасының басты мақсаты – бас қаланы  әлемнің интеллектуалды, инновациялық қалаларының біріне айналдыру. Соның аясында қалаға тиімді, тұрғындардың тіршілігіне қолайлы көптеген жоба пайдалануға берілді.  Мысалы, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Интеллектуалдық көліктік жүйе, білім ошақтарында қолға алынған «Болашақтың мектебі», медициналық көліктерді ақпараттық-навигациялық жүйелермен жабдықтауға жол ашқан «Е-жедел жәрдем» сынды жобалардың түгелі «Смарт Астана» шеңберінде жүзеге асқанын жұртшылық жақсы білсе керек. Қоғамдық орындарда, ірі сауда орталықтарында орнатылған  «Open Wi-Fi» жобасы да – соның жемісі. Алайда қала әкімі тұрғындарға тегін интернетті пайдалануға мүмкіндік беретін бұл жобаның сапасы көңіл көншітпейтінін, көптен бері онымен ешкім айналыспағанын сынға алды.  Интернеттің сапасына байланысты шағымдар да көп.  Сондықтан Әділбек Рыскелдіұлы телекоммуникациялық желілер мәселесін шешуді тапсырды. Әкімнің айтуынша, келешекте қаланы тұтас интернетпен қамтамасыз ету жобаланып отыр. Оған ынта білдірген бизнесмендер де бар көрінеді.

Жиында тиісті құрылымдар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің тұрғындармен тығыз жұмыс істеу керектігі де айтылды.  Әсіресе, жұртшылық жиі хабарласатын «109» қызметі халықтың нағыз көмекшісіне айналуы керек.

–Бұл байланыс орталығы күнделікті жұздеген қоңырауларды қабылдағанымен, әлі де толық жұмыс  режиміне көше қойған жоқ. Операторлардың жұмысын да ширату керек. Кем-кетіктерді  келесі жылдың 1 қаңтарына да түзетіп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді тапсырамын, – деді әкім.

Жарық, су, жылу – тұрғындардың басты тіршілік көзі. Сондықтан бұл саланың жұмысына тікелей жауапты мекемелер де халықпен тығыз байланыс орнатып, қандай да бір кемшілік туындай қалса, елмен кері байланыс орнатқаны ләзім.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button