Қала мен Сала

«АҚЫЛДЫ ҚАЛАҒА» АЙНАЛУДА



Астана «ақылды қалаға» айналып келеді. Бүгінде бас қаланың инфрақұрылымы мен басқару әдістеріндегі жетілдіру жұмыстары жүйелі жүріп, нақты қадам жасалуда. Бұл туралы қала әкімдігінде өткізілген «Цифрлық Астана: ағымдағы жағдай және перспективалар» тақырыбындағы баспасөз мәслихатында кеңі­нен айтылды.

Цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркен­детуге арналған бұл қадам бас қаладан қарқынды түрде бастау алды деуге әбден болады. Жалпы, еліміз бойынша 3D-принтинг, онлайн-сау­да, мобильді банкинг, цифр­лы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту бойынша жүретін жүйелі жұмыстар легі Астанада басталып кетті.
Ақылды экономика, ақылды қоғам, ақылды басқару, ақыл­ды өмір салты, ақылды көлік, ақылды қоршаған орта сынды бірнеше бағыттарды қам­титын жоба «SmartAstana» тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асуда. Бекітілген тұ­жы­­рымдама ақылды қала­лар­дың еуропалық моделі негізінде әзірленген. Олар­дың алғашқысы болып 15 қыркүйекте іске қосылған «СЕРГЕК» интеллектуалды видеобақылау жүйесін айтуға болады. «СЕРГЕК» жылдамдық режимін арттыру, «BusLane» бөлінген автобус желілері бо­йынша қозғалыс және тоқтау сызығын қиып өту сынды тәртіп бұзушылықтың үш түрін анықтайды. Инвестиция және даму жөніндегі басқарма басшысы Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, құқық бұзушылықтар саны бақылау камералары іске қосылғаннан кейін едәуір төмендепті.
– Бұл жоба ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Астана жолдарында жаяу жүргіншілерді жиі қағып кететінін бәрі біледі. Жыл соңына дейін бізде барлық желілік учаскелер жабылады. Жұмыстың алғашқы нәтижелерін шығаратын боламыз. Қазірдің өзінде жол­да адамдардың құқық бұзу­шылықтары азаюда, – деді ол.
Сондай-ақ, интернет зат­тарының датчиктерін қол­данумен «Ақылды көше жарық­тандыру» жобасы бойынша америкалық CISCO (АҚШ) компаниясымен, PHILIPS (Нидерланды) және қазақстандық LEDSolutions компаниясымен екі пилоттық жоба іске асырылды. Бұл жоба арқылы ақылды жүйе көмегімен электр энергиясын 60 пайызға дейін үнемдеуге, шамдарды ұстауға кететін пайдалану шығындарын 30 пайызға дейін төмендетуге және олардың қызмет ету мерзімін 6 айдан 15 жылға дейін арттыруға мүмкіндік мол.
«Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев астана әкімшілігімен жоспарлық режимде ПИК жұмысын автоматтандыру және кооперативтермен тұрғындардың өзара әрекет етуі болатын «е-ПИК» жобасын масштабтау өткізілетіні туралы айтты. Жоба бүгінде 250-ден астам ПИК-ті (қалада 436 ПИК бар) және шамамен 1200 үйді қамтыды.
Алуан түрлі міндеттердің оңтайлы шешімін таңдау және үлкен деректерді өңдеу мақсатында интернет заттары (IoT) платформасымен, Microsoft, IBM, CISCO және корейлік Mobius компанияларымен 4 пилоттық жобаны іске асыру жоспарланады. Осы пилоттық жобаларды енгізу Астана үшін қолайлы платформаны анықтауға және одан әрі қаланың көп­теген инфрақұрылымдық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Гүлжан РАХМАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button