Жаңалықтар

Әріптес мерейі



«Elorda aqparat» медиакомпаниясының белді құрылымы отыз жылдан бері елорда ақпарат кеңістігінде оқырмандарымен бірге келе жатқан «Вечерняя Астана» газетінің бас редакторы Лариса Увалиева еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталды.Әріптесімізге бұл марапат мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
Л.Увалиеваның көп жылдардан бергі редакторлық қызметінің жоғары бағаланғанына қуанышымызды білдіреміз. Әріптесіміздің кәсіби шеберлігі мен біліктігіне аптасына үш рет шығып, қалың оқырмандарының көзайымына айналған газеттің әрбір нөмірі дәлел бола алады.

«Астана ақшамы» газетінің ұжымы




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button