Мәдениет

«Арман асулары» шақырады



28 қараша күні Мәдениет және ақпарат министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы ерекше қажеттіліктері бар дарынды балалар мен жастарға арналған «Арман асулары» атты ІІ республикалық фестивалінің гала-­концертін өткізеді.

Гала-концертте фестивальге қатысушылар Айжан Нұрмағамбетова, Салтанат Ахметова, Нұрболат Арзамас, Перизат Тұрарова, Бауыржан Бекмұханбетов, Азат Мәлік, Ербол Нариманұлы, Раим Уайс, Әлихан Дүйсенбай, Гүлнәр Көшенова, Әділхан Макин және «Меломен» тобы сынды танымал әртістерімен бірге өнер көрсетеді. Фестивальдің арнайы қонақтары – Алтыншаш Мұқатаева және Айбын Жұмабеков.

Белгілі режиссер әрі сценарист, «St.Art» әлеуметтік-мәдени қорының жетекшісі Станислав Цих және «Жұлдызай» халықаралық фестивалінің жетекшісі Алмагүл Сәлімбаева фестивальге қатысушылар мен қонақтарға арнайы шеберлік сабағын өткізеді.

Фестивальге қатысушылар – еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтсақ, Атырау, Ақмола, Шымкент, Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ұлытау және Жетісу облыстарынан келетін республикалық, облыстық балалар байқаулары мен өнер фестивальдерінен оқ бойы оза шапқан талантты өнерпаздар. Биылғы фестивальге тек ерекше қажеттілігі бар балалар ғана емес, 35 жасқа дейінгі өнерлі жастар қатысуға мүмкіндік алды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button