Елорда тынысы

Арнайы шараға қатысты



Бас қалада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша арнайы акция өтті. Оны Астана қаласының Дін істері басқармасы, Алматы, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарының әкімдіктері мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Арнайы акция барысында елордалық волонтерлер қала тұрғындарына ақпараттық брошюралар таратты. Брошюраларда республика территория­сында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі көрсетілді Оған қоса, ақпараттық жадынамаларда тұрғындарға деструктивті діни ағымдардың қаупі, сенімді дереккөздер, дін саласындағы заңнама және т. б. жазылды.

«Діни әдебиеттерді тарату тәртібін бұзу әкімшілік жауапкершілікке және жазаға әкеп соғады. Мұндай жағдайларда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес қызметін 3 ай мерзімге тоқтатып, жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады» деді Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Әдия Романова.

Діни іс-шаралар, ғибадат ету, діни ғұрыптар мен рәсімдер жасау және діни жиналыстар өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша орындалады. Яғни бұл да Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 490-бабына сәйкес, қызметі 3 ай мерзімге тоқтатылып, жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Акцияның мақсаты – халықты ­деструктивті діни ағымдар мен олардың қаупі туралы хабардар ету, діни сауаттылықты арттыру және дін саласындағы заңнамамен таныстыру.

Аталмыш акция қаладағы халық көп шоғырланатын сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарларда өткізілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button