РуханиятТалайғы тарихТаным
Арқалы ақын Арқада
![](https://astana-akshamy.kz/wp-content/uploads/2021/11/55555.jpg)
1968 жылы Ақмола-Целиноград қаласында шығатын «Коммунизм нұры» («Арқа ажары») газетінің редакциясындағы кездесу. Жиналғандар ішінде қазақтың арқалы ақыны Ғафу Қайырбеков болды.
[smartslider3 slider=823]
Осы сапардан кейін Ғафу Қайырбеков: «Тағы да жалпақ көк егін, мен енді заулап Ақмола беттен келемін. – «Ой, ты, дорога длинная, земля целинная» деп жазықта шырқап, «Тыңға сапар» поэмасын дүниеге әкеледі.
Фотосуреттегі кісілерді таныстырып өтсек: солдан оңға қарай отырғандар – Нұрғожа Оразов, Ғафу Қайырбеков, екінші қатардағылар – Мәди Хасенов, Жайсаңбек Молдағалиев, Жарасбай Нұрқанов, Нөгербек Мағзұмов, Октябрь Әлібеков, Қажымұрат Рақымов.
Суретті жеке қорынан редакцияға ұсынған ардагер-журналист Қазина Сәдуақасқызы Нұрқанова