Жаңалықтар

ASHYQ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ АРТУДА



Елордада Ashyq жобасы белсенді түрде енгізілуде. Бүгінгі таңда оған 10566 кәсіпкерлік нысан қатысады. Бұл туралы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Ashyq жүйесі бойынша 140 фитнес-клуб, 117 спа-орталық, 21 бассейн, 3 боулинг-клуб, 71 компьютерлік клуб, 56 сауна, 1489 қоғамдық тамақтану ұйымы, 13 кинотеатр, 11 театр және концерттік ұйым, 10 бильярд клубы, 6 көрме орталығы, галереялар, 30 лотоклуб, 3649 жобаның ерікті қатысушылары, 105 қонақүй, 16 балалар ойын-сауық орталығы, 2363 сауда үйі, СОО, базарлар мен қоймалар, қызмет көрсету саласында 771 мекеме жұмыс істейді. Ashyq көшбасшылары тізіміне 108 нысан енді.

Қуанышбек Мұқаш өз сөзінде Ashyq жобасына қатысу тегін екенін айтты. Ол жүйеге тіркелу кезінде деректерді тексеруге шақырды.

«Әлеуметтік желілерде белгілі бір сомаға рәсімдеу туралы жарнама және ақпарат таратылды. Бұл өз кезегінде жалған түсінік қалыптастырады және кейбір кәсіпкерлер Ashyq жобасына қатысу ақылы деп ойлайды. Ал іс жүзінде олай емес. Тіркеуді InfoKazakhstan платформасында жүргізуге болады, бұл тегін. Алдымен «Маңызды ақпарат» бөлімімен танысу керек, одан әрі Ashyq, онда барлық сұрақтар мен нұсқаулар бар» деді Қуанышбек Мұқаш.

Спикер жақын арада QR-кодты өшіру бойынша функционалдың, яғни кәсіпкерге оның QR-коды бойынша жүргізілген фиксациялар санын көруге мүмкіндік беретін функцияның пайда болатынын хабарлады. Бұл Ashyq көшбасшысы мәртебесін бекіту және беру үшін жасалады.
Жобаға қатысушылар барлық санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Карантин шектеулерін бұзған жағдайда олар тізімнен шығарылады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button