Жаңалықтар

ASHYQ-ТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚАНДАЙ?



Астанадағы кәсіпкерлік нысандар Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуде. Қаладағы сауда ойын-сауық орталығының қызметкерлері бағдарламаның қандай жеңілдіктер беретінін және келушілердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететінін түсіндіріп берді.

«22 шілдеден бастап Mega Silk Way СОО Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Ғимаратқа кіру кезінде келушілердің статусы тексеріледі. Сол сияқты орталық ішіндегі тамақтану орындары, кинотеатрлар мен көңіл көтеру орындары Ashyq арқылы жұмыс істейді. Яғни, бұл қосымша бақылауға мүмкіндік береді, соның есебінен біз «сары» және «қызыл» статусы бар келушілерді анықтап, олардың кіруіне жол бермейміз» деді әкімшілік-шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Абзал Ахметов.

Mega Silk Way СОО PR бөлімінің жетекшісі Дина Ысқақованың айтуынша, бағдарлама жұрттың орталық ішінде вирус жұқтыруының алдын алуға мүмкіндік береді.

«Орталық Ashyq қосымшасына қосылғалы бері «қызыл» және «сары» статусы бар келушілерді тіркедік. Яғни, осы жобаның арқасында келушілердің індет жұқтыруына жол бермейміз» деді ол.

Қосымшаның тиімділігін сауда орталығының қызметкерлері де айрықша атап өтті. Олардың айтуынша, қызметкерлер жоба арқасында алаңсыз жұмыс істей алады.

«Ashyq қосымшасына көзқарасым оң. Бұл – қауіпсіздік, еркін жұмыс істеу және еркін жүру мүмкіндігі. Бірінші кезекте жұрттың өз статусы мен денсаулығын көру мүмкіндігі» деді Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығының қызметкері Нұрай Саматқызы.

Елімізде 9 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысушы нысандардың жұмыс уақыты екі сағатқа артты. «Қою қызыл» аймақтағы нысандарға бағдарлама бойынша 22.00-ге дейін, ал «Ashyq көшбасшысы» статусы бар мекемелерге 00.00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат етіледі.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button