Басты ақпаратЖаңалықтар

Астана Наурызды айрықша тойлайды



Биыл Наурыз мейрамы бес күн бойы тойланады. Наурыздың 19-ы мен 23-і аралығында қалада 70-ке жуық мәдени-бұқаралық шара ұйымдас­тырылады. Елорда қазірден бастап осынау ұлық мерекеге дайындық үстінде. 

Астана көшелері түрлі түсті шамдармен безендіріліп, сая­бақтарға шағын архитек­туралық пішіндер орнатылады. Атап айтсақ, «Астаналық» паркінде «Жар Жар», Қабанбай батыр даңғылы мен Керей және Жәнібек хандар көшесінің қиылысында «Желпуіштер», сондай-ақ, «Керуен», «Шарлар өрнегі», «Той», «Өрнектелген ағаштар» секілді ұлттық нақыштағы декорациялар қойылады.

Қалалық алаңда киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар құрылады. Жеңіс даңғылының Кенесары, Абай, Жангелдин, Бөгенбай батыр және Мәскеу көшелерімен қиылысар тұстарына, теміржол вокзалының аумағына «Бәй­шешектер» композициясы орнатылады.

Мереке күндері халықтық серуен ұйым­дастырылады. «Астана Арена» стадионы, «Жастар» театры және «Қазақ елі» монументінің алдында, қалалық алаңда, «Студенттік» және «Жерұйық» парк­терінде, Мичурин және Железнодорожный кенттерінде, «Шығыс Ильинка», «Пригородный», «Өндіріс» тұрғын алаптарында, №20 орта мектеп аумағында, сондай-ақ, «Наз» мемлекеттік би театрының алдында мерекелік шаралар өтеді. Жиын барысында тұрғындар назарына шығармашылық ұжымдардың концерттері мен ұлттық тағамдар ұсынылады.

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

16




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button