Жаңалықтар

Астана қаласында «Вокзал» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде



Вокзал маңы аумағын аралағаннан кейін Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

c-5

Шара барысында бір күннің ішінде Жергілікті полиция қызметімен қоғамдық орындарда тиісу бойынша 7 факті, көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 9 факті, маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрiсiнiң қағидаларын басқа да өрескел бұзуы бойынша 16 факті, Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау бойынша 20 факті, Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы бойынша 5 факті анықталды.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Ғосман Жакиннің айтуынша, мұндай жергілікті рейдтік іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесуге ықпал етеді.

Рейдтік шараға Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен басқа көші-қон полициясы қызметкерлері және криминалдық полиция сондай-ақ Астана қаласының ІІД басқа да бөлімшелер қызметкерлері қатысуда.

Айта кетейік жедел алдын алу іс-шарасы 2016 жылдың 12 қаңтарына дейін жалғасады.

http://astana.gov.kz.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button