Ел тынысы

«Астана» велоклубы биылғы бірінші жеңісіне жетті



Astana Qazaqstan Team командасының өкілі Харольд Техада Колумбия-2024 турының екінші кезеңін жеңіп алды. Пайпа және Санта-Роза-де-Витербо елді мекендері арасында 168,6 км-ге созылған бұл аралықты ол 4 сағат 2 минутта жүріп өткен, деп хабарлайды astana-akshamy.kz  tourcolombiauci.com сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, велошабандоз өз командасына маусымның алғашқы жеңісін әперді. 26 жастағы колумбиялық спортшы мәре сызығын алты бәсекелесінен бұрын кесіп өтті. Харольд Теджада жарыс жолының спритнерлік тұсында итальяндық Андреа Пикколо мен Оскар Севильяны (Испания) артта қалдырып кетті. Бұл жеңіс Astana Qazaqstan Team өкіліне 7:13:35 уақыт көрсеткішімен негізгі сарапта «Колумбия турын» бастап шығуға мүмкіндік беріп отыр.

Енді бұл жарыстағы үшінші кезең бүгін  8 ақпанға қараған түні өтеді, онда велошабандоздар 141,9 шақырымдық жолды күтеді. Оған үш арнайы спринт кіреді және бұл қашықтықта жіктелген тау жүлделері жоқ. Команда намысын Техада мен Кавендиштен бөлек Алексей Луценко, Харольд Мартин Лопес Гранизо (Эквадор), Кес Бол (Нидерланды) және Михаэль Мерков (Дания) қорғайды.

фото https://tourcolombiauci.com/


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button