Жаңалықтар

Астанада баспана арзандайды



ee111a1e_resizedscaled_817to612

Еліміздегі дағдарысқа қара­мастан, елордада құрылыс қарқыны бәсеңдемеді.  Қаңтар-шілде айлары аралығында жалпы көлемі 1,3 млн шаршы метр пайдалануға берілген. 

Бұл көрсеткіш еліміз бойынша пайдалануға берілген үйлердің 23 %-ын құрайды. Оның басты себебі, елордаға қоныс аударушылардың саны жыл са­йын ұлғайып келеді. Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде 5,7 млн шаршы метр қолданысқа берілген.

Ал тұрғын үйдің бағасына келсек, әзірге өзгеріссіз. Сарапшылардың пайымына сүйенсек, тіпті жылдың соңына қарай елордада үйлердің бағасы күрт арзандайды.

Ресми мәлімет бойынша Астанада 2015 жылдың маусымы мен 2016 жылдың маусымы аралығында үйдің шаршы метрі 288 мың теңгеден 344 мыңға дейін көтерілген. Дегенмен түрлі акция­лар аясында құрылыс компаниялары көптеген жеңілдіктер ұйымдастырып, сатып алушылардың назарын аударған.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button