Басты ақпаратЖаңалықтар

Астанада Бөкейхан және Ағыбай батыр көшесі бойында біржақты қозғалыс енгізіледі



20 тамыздан бастап Астанада Бөкейхан және Ағыбай батыр көшесі бойында біржақты қозғалыс енгізіледі. Абай даңғылынан басталып, Республика даңғылымен аяқталатын жолдың ұзындығы 0,99 шақырым болмақ.

Букейхана 20 августа

Қозғалыс бағытын өзгертудегі басты мақсат – Абай даңғылындағы (Бейбітшілік пен Республика көшесі арасындағы бөлікте) жүктемені азайту.

Алғашқы 10 күнде жол полиция қызметкерлері апаттық жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық шаралар жүргізеді. Осыдан кейін аталған жолдарда ЖЖЕ бұзушыларына қатысты әкімшілік шаралар қолданыла бастайды.

Айта кетейік, егер бұл көшелерде қарсы беттегі жолға шығып, ереже бұзсаңыз, 5 минималды есептік көрсеткіш көлемінде немесе 10605 теңге айыппұл төлейсіз.

Еске сала кетейік, биыл біржақты қозғалыстағы жолдар Әуезов, Желтоқсан, Кенесары, Янушкевич көшелерінде және Абай даңғылында енгізілген еді.

«Астана LRT» ЖШС-ның күнделікті мониторингі бойынша елордадағы аталған жолдарда көлік қозғалысы айтарлықтай жақсарған, яғни:

  • Орташа қозғалыс жылдамдығы 30% өсті;
  • Қиылыстарда кідіріс уақыты 78 секундтан 40-қа дейін азайды;
  • Көлік құралдарының қарқындылығы 20% артты;

«Астана LRT» компаниясы біржақты қозғалысты елорданың басқа да көшелеріне енгізуді зерттеп жатыр. Нақтырақ, таңғы және кешкі қарбалас сәттеріндегі көлік ағынының қарқыны есептелуде.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button