Жаңалықтар
Астанада қазақ тазысының бірінші көрмесі ұйымдастырылды. Оған еліміздің он екі аймағынан асыл тұқымды 158 қазақы тазы қатыстырылды. Іс-шараны республикалық «Қансонар» аңшылар қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірігіп өткізді.