ЖаңалықтарҚоғам

Астанада жыл басынан бері 360 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді



Елордалық ІІД қызметкерлері жыл басынан бері 360 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтап, олар бойынша 2 млрд. 745 млн. теңге соммасында айыппұл түрінде қаулы шығартылды. Қазіргі уақытта 1 млрд. 247 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

c-2

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес, құқық бұзушылық жасалғаннан соң айыппұлды алғашқы жеті күн ішінде төлеу кезінде айыппұл соммасы 50%-ға азаяды.

«е.gov» (электрондық үкімет) порталы арқылы айыппұлдарды төлеудің артықшылығы, ол «Интернет» желісінің кез-келген қатынау нүктесінен төлем жасаудың мүмкіндігі. Уақыт пен материалдық құралдарыңызды үнемдеңіз.

Айта кетейік, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік өндіріс бөлімі жаңа мекенжай бойынша орналасқан: 20-40 көшесі, 4/1 үй (Мамандырылған ХҚО аумағында) орналасқандығы жөнінде хабарлаймыз. Байланыс телефондары: 8(7172) 95-44-98 канцелярия, 76-83-65 (процессингтік орталық).

astana.gov.kz.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button