Елорда тынысы

Астанадағы Азиада аламаны



Астана тарихындағы елеулі оқиғаның бірі – 2011 жылы 30 қаңтарда «Астана Арена» стадионында VII қысқы Азия ойындарының байрағы желбіреді. Азиаданың ашылу салта­натына ­Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің арнайы шақыртуымен келген Қыр­ғызстан президенті Роза Отунбаева, Әбу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян, Азия Олимпиялық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах және халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге қатысты.

Мерекелік шоуды тамашалаған көрермендер жарысқа қатысушы командаларды қарсы алып, Азия Олимпиялық кеңесінің туы мен әнұранына қошемет көрсетті. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Азия Олимпиялық кеңесінің президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах барша қауымды дүбірлі додамен құттықтап, спортшыларға сәт-сапар тіледі.

«Азиада – бұл таңда Азия елдерінің мемлекетімізге деген биік сенімі. Алып құрлықтың елімізге деген жоғары құрметі. Спорт қай кезде де бейбітшіліктің нышаны болған. Әрбір жүлде спортшының жеңісі ғана емес, ол – елдің мақтанышы, мәртебесі, ұлттың ар-намысы» деді елорда басшысы өз сөзінде.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button