Жаңалықтар

АСТАНАДАН АЛАКӨЛГЕ ҰШАҚПЕН…



Үкімет республикалық бюджеттен Астана – Үшарал авиа­маршрутын субсидиялауға қаржы бөлді. Бұл Алакөлдегі туризмді дамыту, жол қатынасын жақсарту мақсатында жасалып отыр.

Алакөл – Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі, көлемі жағынан Бал­қаштан кейінгі әрі емдік қасиеті өте мол, құрамы жағынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайтын ағынсыз тұзды көл. Алакөлге жақын орналасқан Алматы облысындағы

Үшарал қаласына енді Астанадан ұшақ ұшады. Бұл туралы «Фейсбукте» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады. Рейстерді Үшарал әуежайы қабылдайтын болады, оның құрылысы жақында аяқталған. Ол жолаушыларды тіркеу мен тексеру үшін қажетті құрылғылармен жабдықталған. Бұдан бөлек, Алматы облысының әкімдігі ұшу-қону жолағындағы жөндеу-құрылыс, жермен жүру жолдарын, перронды жабдықтау жұмыс­тарын аяқтады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button