Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…



Астана

Елордада демалыс күн­дері қала тұрғындары мен қонақ­тары «Red Bus» автобустарымен тегін экс­курсияға қатыса алады. Экскурсия «AiLand» (океан­ариум) көңіл көтеру орталығынан және ҚР Ұлттық мұражайынан бас­талады.

Алматы

Қаладағы мүгедектерге арналған такси мен арба­лар­ға 317 млн теңге бөлінді.

Атырау облысы

Облыста бизнесті қолдау аясында 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Батыс Қазақстан облысы

Аймақта 6 мыңдай тұр­ғын емдеу нысан­дары­ның қыз­метін пайдалану құқығына ие болды. Ме­ди­циналық сақ­тандыру қорының филиалы 50 емдеу нысанымен келісімшарт жа­сасқан.

Қызылорда облысы

Сырдың бас шаһары – Қы­зылорданың 200 жыл­дық мерейтойы кең ауқымда тойланды.

Қарағанды облысы

Кенді өлкеде заңсыз есірт­кі айналымына байла­нысты 441 іс қозғалған.

Қостанай облысы

Облыста заң бұзған 422 нысан мен бір кәсіп­орынның жұмысы тоқта­тылды.

Шығыс Қазақстан облысы

Зырян ауданы мен қала­сының атауы Алтай болып өзгерді.

Шымкент

Қалалық инфекциялық ауруханасында 3 жасар балдыр­ғанның өлімі­нен кейін екі медбике жұ­мыстан босатылып, ауру­хананың 9 қызметкері тәр­тіптік жауап­кершілікке тартылды.

Түркістан облысы

Түркістан қаласында «Кө­не Түркістан – жаңа мүм­кін­діктер» атты халықаралық инвестициялық және турис­тік форум басталды. Оған Ресей, Оңтүстік Корея, Қы­тай, Сингапур, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан және т.б. Еуропа елдерінің өкілдері қатысуда.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button